Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 22 сәуір. Baq.kz — Павлодарда қазақ киносының апталығы басталды, — деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 

Павлодарда қазақтың әйгілі актері, режиссер, Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған кино апталығы ашылды.
21-25 сәуір аралығында павлодарлықтар «Тақиялы періште», «Жамбыл», «Атамекен», «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры» сынды қазақ киносының алтын қорына енген фильмдерді тамашалай алады.
Апталықтың ашылу салтанатына арнайы келген Қазақстанның еңбек сіңген әртістері Меруерт Өткешева, Құман Тастанбеков, «Тақиялы періште» музыкалық комедиясында қалың көрерменнің жадында Тайлақ болып қалған Әлімғазы Райымбеков атақты режиссер туралы естеліктер айтты.

 

Олардан өзге кино апталығы аясында Павлодарға Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті Ермек Аманшаев, Қазақстанның халық әртісі, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Нұржұман Ықтымбаевтар да Ертіс өңіріне арнайы келеді.

Апталықтың соңғы күні көрсетілетін «Атаманның ақыры» картинасынан кейін Павлодар қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Естай атындағы мәдениет сарайында киноконцерт жоспарланып отыр.

 

http://baq.kz/kk/news/46212

Рубрика: