Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 7 сәуір. Baq.kz – Павлодар қаласының іргесіндегі елдімекендердің бірінде 4 адамнан тұратын отбасының мәйіттері табылды деп жазады Tengrinews.kz Павлодарское ауылының әкімі Ирина Фогельге сілтеме жасап.

Шұғыл ақпараттарға сүйенсек, Павлодарское селосындағы жеке үйлердің бірінде ер азамат пен әйелдің және кәмелет жасына толмаған екі баланың денесі табылған. «Қайтыс болғандар бір отбасының мүшелері: 30-35 жастағы ерлі-зайыптылар және олардың 4-6 жасар екі баласы» деді Ирина Фогель.
«Оқиға орнына келіп жеткен тергеушілер пышақталған балаларды кереует үстінен тапқандығын айтты. Анасы да өлі жатқан. Ал, отағасы болса асылып өліпті» деді осы үйдің көршілері. Олардың айтуынша, қаза болғандар бұл үйді жалдап тұрған, ал, олардың мәйіттерін ең алғаш болып үй иесі көрген.
«Олар тыныш отбасы еді. Үй ауласында үнемі автокөліктер тұратын, қонақтар, туыстары жиі келетін оларға» дейді шошынған көршілері.
Әзірге павлодарлық полицейлер оқиғаның қалай өрбігендігін анықтап жатыр. Кісі өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

http://baq.kz/kk/news/45487

Рубрика: