Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ресей мемлекеттік думасы алдында бірінші рет сөйлеген орыс православие шіркеуінің басшысы патриарх Кирилл депутаттарды түсік жасату құқығын шектеуге және консервативтік құндылықтарды қорғауға шақырды.

Кирилл үндеуінде «Ресейдегі негізгі қасіреттің бірі — түсік жасату деңгейінің тым жоғарылығы» деп мәлімдеді. Ол депутаттарды мемлекеттік ауруханаларда тегін түсік жасатуға тыйым салуға шақырып, «түсік жасату санын азайту демографиялық өсімнің тұрақты және қарқынды болуына ықпал етеді» деді.

Патриархтың сөзінше, моральдық құндылықтарды бұзатын «постхристиандық», «діннен кейінгі» әлемде ресейліктер «дәстүрлі діни құндылықтарды ұстануы тиіс». Ол бұған қоса мектепте діни білім беру күшейтіліп, казактарға қолдау көрсетілуі тиіс дейді.\

http://www.azattyq.org/archive/news/20150123/330/330.html?id=26808941

Рубрика: