Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Мәжіліс депутаттары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу ұсынысын қолдауды сұрады.

Бүгін мәжіліс отырысында Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланған депутаттар Назарбаевтың атына 2015 жылы мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу ұсынысы бар үндеу жариялады. Өзге депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов Назарбаевтан президент сайлауы мерзімін белгілеуді сұрайтынын айтты.

Бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы бастамасын биліктегі «Нұр Отан» партиясы қолдаған.

Ақпанның 17-і күні алты саяси партия, ондаған үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктірген «Қазақстан 2050» коалициясы да Қазақстанда президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді мақұлдаған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150218/330/330.html?id=26855506

Рубрика: