Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

666ӘМ қарасты Тіркеу (регистра­ция) қызметі коми­тетінің Алматы қала­лық Жылжымайтын мү­лік орталығының ди­рек­торы мен осындағы бес ауданның Халыққа қызмет көрсету орталығы басшыларына «пара алды және қыл­мыстық топ құрды» деген күдік келтіріп отыр.

Бұл жөнінде кеше Эконо­микалық және ұйым­дас­қан қылмысқа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.Қаржы полициясы агенттігінің ақпа­ратында «2012 жылы шілде айының аяғында Алматыдағы жылжымайтын мүлік орталығының директоры Сейсен Оразақыновтың ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және Оразақыновтың көмекшісі Е.Асеновтың, сондай-ақ Алматы қаласындағы Әуезов, Түрксіб, Алатау, Медеу және Бостандық аудандарындағы жылжымайтын мүлік орталықтары бөлімдерінің басшылары Д.Маусымбаевтың, С.Шантиевтің, К.Қоңырбаевтың, М.Садыбаев пен А.Исабековтың осы қылмыстық топтың құрамына кіргені толық анықталды» делінген.
Қаржы полицейлері Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің жылжымайтын мүліктің техникалық құжаттарын жылдам әрі ешқандай кедергісіз алуы, сондай-ақ тұрғын үйлердіің қайта өзгертілуін қысқа мерзімде заңдастыру үшін азаматтар мен ұйымдардан жүйелі түрде пара алумен айналысып келгендігін анықтады.
– Жылжымайтын мүлік орталығы аудандық бөлімшелерінің бастықтары азаматтардан және заңды тұлғалардан пара алып, соманың белгілі бір мөлшерін С.Оразақыновқа оның «кассир» қызметін атқарған сенімді көмекшісі Асенов арқылы беріп отырған. Сөйтіп, орта есеппен алған­да С.Оразақынов әр аптаның соңында Асенов арқылы 80 мың теңгеден 225 мың теңгеге дейінгі көлемде пара алған, – деп атап көрсетілген Экономикалық және ұйым­дасқан қылмысқа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бұған қоса, прокуратураның санкциясы бойынша қаржы полицейлерінің 2012 жылғы қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін арнайы жүргізген кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында Сейсен Оразақыновтың 1,5 миллион теңгеден астам пара алғаны тіркелді. Осы қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғалып, үш күдікті қамауға алынды.

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/22989

Рубрика: