АЛТЫНОРДА
Новости

Пәкістан исламға тіл тигізген христианды өлім жазасына кесті

Астана. 28 наурыз. Baq.kz – Христиан дінін ұстанатын Пәкістан азаматы Саван Масих Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізді деген айыппен өлім жазасына кесілді. Ол өзінің мұсылман досымен пікір алмастыру барысында пайғамбар жайында балағат сөздер айтқан көрінеді.

Оқиға жақын күндері орын алған. Масихтің досы Шахин Имран полицияға арыз түсіріп, христиан дінін ұстанатын азаматтың Құдай елшісіне тіл тигізгенін айтыпты. Мұны естіген жергілікті тұрғындар шеруге шығып, христиандардың жүздеген үйін қиратып тастады. Ал, екі достың әңгімесіне куә болған үшінші азамат олардың мас болғандығын айтып отыр.
Наим Шакирдің қорғаушысы Масихтің өлім жазасына кесілгенін растады. Дегенмен, айыпталушы тарап сот үкімін апелляцияға бермек.
Айта кетейік, Пәкістанда дінге тіл тигізгендер заңмен қатаң жазаланады. Дегенмен, құқық қорғау ұйымдары пәкістандық судьялардың ешбір дәлелді негізге алмай, айыптыларға үкім шығара беретінін айтып отыр.

http://baq.kz/kk/news/45148