АЛТЫНОРДА
Новости

Өзгелерге еліктеуді қашан қоямыз?

Астана. 21 мамыр. Baq.kz-Серік есімді жігіт Жедел жәрдем станциясының қызметкерлері атынан ҚР Денсаулық сақтау министрi С.Қайырбековаға сауал жолдапты:
Мен сізден басқа шағым айтар адам таппадым. Мен Астана қалалық «жедел жәрдем» станциясында жұмыс істеймін. Сонғы бір ай бойы біздің мекеменің басшылары темекі шегетін орынға бейне бақылау камерасын орнатып, темекі шеккендерді қудалауда. Заң бойынша темекі шегуге болмайды деп ақталады. Қазіргі уақытта темекі шегу үшін жолдың арғы бетіне өтудеміз. Ал, енді, сұрақ: денсаулыққа темекі шегу зиянды ма, әлде темекі шегу үшін қаптаған көліктер арасынан жолдың арғы бетіне өту зиянды ма? 16.01.2009 ж №14 үкімет қаулысының 3.5.3 тарау 390 пунктінде жазылғандай, темекі шегуге арнайы орын неге жасап бермейді екен ? Бұл іске өзіңіз бір әділ шешім табады деген сенімдеміз!
Жедел жәрдем станциясының қызметкерлері

 

ҚР Денсаулық сақтау министрi С.Қайырбекова шылымшыл жігітке төмендегідей жауап берген:
«Құрметті Серік!
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 159 – бабына сәйкес:
Темекі шегуге:
1) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың демалуына арналған ұйымдарда;
2) денсаулық сақтау ұйымдарында;
3) қоғамдық тамақтану орындарында;
4) кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт ареналарында және көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық ғимараттарда, соның ішінде түнгі клубтарда, дискотекаларда;
5) мұражайларда, кітапханаларда және лекторийлерде;
6) жергілікті және алысқа қатынайтын поездардағы, әуе, теңіз және өзен көлігі кемелеріндегі белгіленбеген орындарда, сондай-ақ қалалық, қала аралық автобустардың, маршруттық таксилердің және қалалық электр көлігінің салондарында;
7) әуежайлардың, темір жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында;
8) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда;
9) жұмыс орындары болып табылатын үй-жайларда;
10) үйлердің кіреберістерінде тыйым салынады.
Сонымен қатар, Қалалық жедел жәрдем стансасынның әкімшілігімен аталған мәселе қарастырып, қызметкерлерге темегі шегуге арнайы орын беруге шешім қабылданғанын хабарлаймыз».

http://www.baq.kz/kk/news/28691