Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Өзбекстанда парламент сайлауы өтіп жатыр. Қазірге дейін сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс беріп үлгерген. Жергілікті заң бойынша, сайлаушылардың 33 пайызы дауыс берген жағдайда сайлау өтті деп саналады.

Өзбекстан парламентінің төменгі палатасындағы 135 орынға 500-ден астам кандидат түскен. Олар сайлауға төрт партия — Либерал-демократиялық партия, Халықтық-демократиялық партия, «Ұлттық өркендеу» және «Әділет» партияларының атынан қатысып жатыр.

Сайлауды 300-ден астам шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдар өкілдері бақылап отыр.

Өзбекстан парламентінің мұнын алдындағы сайлауы 2009 жылы өткен еді. Ол жолы ең көп орынды Либерал-демократиялық партия өкілдері иеленген.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141221/330/330.html?id=26755068

Рубрика: