Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ЖЕЗҚАЗҒАН. 23 сәуір. Baq.kz —  Жуырда Жезқазған политехникалық колледжінде қала әкімдігі ішкі саясат мемлекеттік мекемесі мен «А.Оразайұлы» атындағы қалалық мешіттің мұрын-дық болуымен суицидтің алдын-алуға бағытталған шара болып өтті, деп хабарлайды ҚМДБ сайты.

Кеңгір кентінің имамы М.Естауов және тағы басқа мемлекеттік мекеме басшылары қатысқан жиында аталмыш мәселенің себептері мен салдары сөз болды.
М. Естауов мәселеге діни тұрғыда қарап, өз-өзіне қол салудың Исламда ауыр күнә екендігін айтты. Сондай-ақ, Қарағанды облыстық балалар жүйке аурулары диспансерінің дәрігер-психотерапевті, суицидолог маманы С.Бякова да әсерлі баяндама жасап, жастарды болмашы нәрсе үшін шалыс қадам жасамауға шақырды.
Шара соңында М.Естауов қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, суицидтің ең басты шипасы Исламда екенін қадап айтты.

Рубрика: