Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

приватизацияБіздің қоғамда: «Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіреміз» деген сөз жиі айтылады. Бұл — ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясының өзегі. Алайда, жәйдан жәй қарап отырып, дамыған елдердің тобына топ етіп қосыла салмайтыныз айдан анық. Қосыламыз десек, бізге іс-қимыл жасау қажет. Бұл жерде ең бастысы: «бәрін билік істейді, Үкімет өзі жасап береді» деген ойдан аулақ болғанымыз жөн. Мемлекет қазір біздің әрбіреуімізге осынау стратегиялық мақсатты іске асыруға үлес қосуымызды қалап отыр.

Осыған мысал келтірейік. Қазір елімізде жаңа жекешелендірудің екінші кезеңі іске асырылып жатыр. Өркениетті елдердегідей ірі-ірі кәсіпорындар, әлеуметтік нысандар, ұлттық компаниялар мен холдингтердің активтері халыққа сатылуда. Қарапайым адамдар: «Бұл неткен сатылым?», «Біз қалай үлкен кәсіпорынды сатып аламыз?» деп түсінбеушілік танытуы мүмкін. Алайда, қалтасында азғантай ақшасы бар адам үлкен нысанды емес, ұлттық компаниялар мен холдингтердің қолжетімді активтерін сатып ала алады.

Осыдан екі жыл елімізде «халықтық IPO» атты бағдарламаның кең етек алғаны есіңізде шығар. Аталған бағдарламаға 2012-2013 жылдары 35 мыңға жуық қазақстандықтар қатысып, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның акцияларының үлесін сатып алған. Соның нәтижесінде ақпандағы теңгенің құнсыздануынан акционерлер ұтылған жоқ. Себебі, ірі компанияның тартымды акциялары ұлттық валютамыздың әлсіреуінен келген шығындарды толық жапты. Яғни, біздің отандастарымыздың қаржылық сауаты жылдан жылға өсіп келеді деген сөз.

Жалпы алғанда, жекешелендірудің екінші «толқыны» жүретінін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауында айтқан болатын. Жаңа жекешелендіру – бұл контрциклдік саясаттың элементі. Мәселен, дағдарыс жылдарында мемлекет әлсіз активтерді өз бақылауына алады да, экономикалық өсім болған кезеңде оларды жекешелендіреді. Бұған БТА мен Альянс банкі мысал етуге де болады. 2008-2009 жылдардағы дағдарыста қатты зардап шеккен аталған банктерге мемлекет қолдау көрсетті. Ал, экономикамыз қарқынды даму жолына түскен қазіргі шақта қаржы институттары өз «қарымтасын» қайтарып, халыққа толыққанды қызмет етуде.

Жекешелендіру дегенде қоғамда әрқилы ой-пікірлердің болатыны заңдылық. Себебі, сонау 90-шы жылдары Қазақстанда өткізілген жекешелендіру науқаны көптеген адамдардың ой-санасында жағымсыз жағынан қалып қойған. Алайда, ол басқа заман, бүгін басқа заман. Елбасымыздың сөзімен айтқанда, «ұлттық байлығымызды халықтың қолына әділ жолмен таратып беретін» уақыт келді. Осыған орай, өткен жылы жаңа жекешелендіруге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілгені белгілі. Яғни, барша қазақстандықтар бұл шараның еліміздегі бұқаралық кәсіпкерлікті құрудағы ұлттық-патриоттық жоба екеніне көз жеткізді.

Ендігі қадам – батыл, бәсекеге қабілетті кәсіпкерлердің еншісінде. Тәуелсіздік жылдарында біз табысты кәсіпкерлердің үлкен шоғырын қалыптастыра алдық. Сол кәсіпкерлер ұлтымызды алға сүйрейтін локомотивке ұқсайды. Өйткені, бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту мемлекетті дамытудың маңызды құралы. Әлемде мынадай жазылмаған қағида бар: кез-келген қоғамдағы іскерлік тап қуатты, бұқаралық сипат алған жағдайда, сол қоғамдағы сыбайлас жемқорлық та азая береді. Мемлекет осы кезге дейін біздің әрбіреуімізге кәсіп ашуға, соның қыр-сырын жетік үйренуге мүмкіндік берді. Ендеше, сол мүмкіндікті пайдаланған кәсіпкерлердің сыналатын шағы туды. Жаңа экономикалық бағытымыздың қозғаушы күші де солар болмақшы. Яғңи, ұлтжанды, патриот жандардың іс-әрекеті басқаларға үлгі екені сөзсіз. Сайып келгенде, біз бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығарып, мемлекет жүргізіп жатқан экономикалық өзгерістерге белсене араласатын болсақ, дамыған елдердің «отыздығына» да тезірек қосылатынымыз анық.

 

Әмірлан Әлімжан.  

Рубрика: