Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

snimok ekrana 2015-09-16 v 20.34.51 Облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың жұмыс сапары Отырар ауданында жалғасты. Аймақ басшысы алдымен Шілік ауылындағы «Жаңа — жер» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Онда ет, сүт, шұбат, жұмыртқа секілді өнімнің төрт түрі өндіріледі. Шаруақожалықтың төрағасы Ж.Құдіретуллаев мәлімдегендей, мұнда тәулігіне 5 тонна сүт өнімдері, 150 литр шұбат, 3 тонна еті өнімдері мен бес мың данаға жуық жұмыртқа өндіріледі. Шаруашылықта 35 адам жұмыспен қамтылған. Бұдан соң өңір басшысы Шілік ауыл округіндегі С.Құртаев атындағы шағын жинақты мектебін аралап көріп, жаңа оқу жылын бастаған оқушыларға оқуда озат болуларын айтты. Б.Атамқұлов Темір ауыл округіндегі «Отырар-Дән» жүгері кептіру және сақтау кешенінің жұмысын аралап, индустриалды аймақ пен жаңа жүгері өңдеу зауыты құрылысының жобасымен танысты. Кәсіпорын жылына 10 мың тоннаға дейін жүгері дәнін кептіріп, сақтауға қауқарлы. Мұнда жергілікті 35 адам жұмыспен қамтылған. Облыс әкімі Отырар ауданының Көкмардан ауылына да ат басын бұрды. Мұндағы «Үсенов Н.» ШҚ тауарлы сүт фермасы және сүт өңдеу кәсіпорнының экологиялық таза шұбаты, био шұбаты, пастерленген түйе сүтімен танысты. «Түйе сүтін өңдеу» жобасы 2012 жылы ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған. Күндігіне 5 мың тоннаға дейін сүт өнімдерін шығаруға мүмкіндігі бар шаруа қожалығы жылына 500 тонна түйе сүтін өңдеп, дайындайды. Бүгінгі таңда дайын өнімдер Шымкент қаласынан бөлек, Алматы, Астана қалаларына шығарылып сатылуда. Қазіргі күні қожалық басшысы түйе сүтін ұнтақтап шығару жұмыстарын қолға алған. Ежелгі қалаға жасаған сапарында облыс әкімі көне жазбалар мен құнды жәдігерлер сақталған «Руханият-Әбу Нәсі Әл-Фараби» атындағы мұражайға барды. Онда аймақ басшысы мұражайдың тыныс-тіршілігімен танысып, бір ғасырдан бері сақталып келе жатқан «Көроғлы» дастанын көрді. Рухани мәдениеті дамыған ауданда атқарылған жұмыстарды саралаған облыс әкімі әлеуметтің әлеуетін көтеретін жаңа жобаларды іске асыру қажеттігін айтты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рубрика: