Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Фото baq.kz сайтынан алындыЕлімізде ғаламтор арқылы саудасын дөңгелететіндер бақылауға алынбақ. Себебі, заңда тұтынушылардың құқығын қорғайтын өзгеріс пайда болды. Дәл осы құжатты Қытай елі де қолданбақ. Өйткені, сапасыз тауардан зардап шегетіндер саны артқан.

Бұдан былай елімізде интернет дүкен тұтынушыларының құқығы заңды түрде қорғалады. Яғни, оларға тұтынушы құқығын қорғау бірлестігіне шағымдануға мүмкіндік туып отыр. Осы ретте елімізде жаңа заңнама Парламент мәжілісінің бірінші отырысында мақұлданған болатын. Енді, тауар сапасы мен транзакция жұмыстарына толығымен онлайн саудагерлер жауапкершілік алады.

«Өткен жылы бізге тұтынушылардан 100 ден астам өтініш келіп түскен. Ал биыл соңғы екі айда оның саны небәрі 4-ті құрап отыр. Өйткені кейбір азаматтарда интернет дүкенге ақша төленген деген дерек болмайды»,- деді «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрайымы Артық Сейітқалиева.

Еліміздің соңынан Қытай мемлекеті де ғаламтор арқылы сауда- саттықпен айналысатындарға заңды қатаңдатпақ. Айта кетсек, қаңтар айында мемлекетте интернет-дүкен тауарларына тексеру жұмыстары жүргізілген еді. Нәтижесінде, аспан асты еліндегі танымал Taobao.com онлайн-дүкеніндегі тауардың небәрі 37 пайызы сапалы болып шыққан. Бұл туралы Қытай мемлекетіндегі өнеркәсіп және сауда-саттық басқарманың басшысы Чжан Мао мәлімдеп отыр. Алдағы уақытта олар жаңа құжат қабылдауды жоспарлауда.

«Негізі Қытайда жасанды тауарды әрдайым жасайтын. Тауар сапасы төмен болғанымен, оның ұқсастығын айнытпай жасай алады. Айта кетсек, Қытайда жаңа заңнама өз күшіне енсе де, бұл біздің кәсіпке еш кері әсерін тигізбейді. Тұтынушылар онлайн түрде тапсырыс беруді тоқтатпайды»,- деді онлайн саудагері Татьяна Грязнова.

Бүгінде елімізде онлайн дүкен саудагерлердің арбауына түсетіндер саны артып келеді. Мәселен өткен жылы шаһарымыздағы тұтынушылар құқығының қорғау қоғамдық бірлестігіне 100-ден астам шағым келіп түскен. Мамандардың айтуынша, биыл онлайн сауда-саттық тұтынушылары жазбаша арыз жазбайды. Тек қоңырау шалу арқылы көмекке жүгінеді екен. Басты себеп, олар сатып алынған тауар үшін қолма -қол есептеседі.

«Ғаламтор арқылы сауда-саттық саласына байланысты бізге тұтынушылардын көптеп шағым келіп түседі. Алайда олар қоңырау шалу арқылы көмек сұрайды. Өйткені олардың қолында дәлелдейтін құжат жоқ екен. Ал, біз жазбаша өтінішсіз көмектесе алмаймыз. Сондай-ақ, қазір жаңа заңнама негізінде тұтынушылар, тіпті, сотқа да арыздана алады»,- деді «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрайымы Артық Сейітқалиева.

Ал елімізде ғаламтор арқылы сауда айналымы соңғы екі жылда үш есеге өскен. Алайда, қазір интернет-дүкеннен опық жегендердің саны да азаяр емес.

Әзиза Мәдияр, Ерлан Сағымбеков,

«Алматы» телеарнасы

Baq.kz

Толығырақ: http://alashainasy.kz/economica/otandyik-naryikta-kyitaydyin-arzankol-tauarlaryi-azayadyi-65154/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Рубрика: