Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

bdf79b333dc75e6de412e9fa9ee23850Бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында қазақстандық ғалымдар Орталық және Шығыс Азия, Еуропа елдеріне жасаған ғылыми іс-сапарлар барысында жинақтаған тарихи деректерді ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында биылғы жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында Иран, Үндістан, Қытай, Мысыр, Түркия, Моңғолия, Ұлыбритания, Германия, Өзбекстан және Ресей сынды 10 мемлекеттің шетелдік қорын зерттеу мақсатында қазақстандық тарихшылардың іс-сапарлары ұйымдастырылған болатын. Зерттеулердің басты мақсаты – Қазақстан мәдениеті мен тарихы жөнінде жаңа деректер табу.

«Зерттеушілердің жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін аралық жұмыс жоспары бекітіліп, мұрағат қорлары мен кітапханалар анықталып, күнтізбелік жоспар жасалды. Елдер бойынша 23 адамнан тұратын зерттеу тобы құрылды және жұмыстың негізгі бағыттары анықталды», — делінген ұйымдастырушылар таратқан баспасөз хабарламасында.

Тарихшыларымыз Шыңғысхан дәуіріне дейінгі түркі тайпаларының бірыңғай этногеографиялық байланыстары мен тарихи мұрагерліктің болуы жөніндегі мәліметтерді анықтап, Түрік қағанатының құрылуы мен даму тарихы, тарихи естеліктерді қалпына келтіру бойынша түрік тас жазулары мен қолжазбалар көздерін көшіру, фотофиксациялау және анықтау бойынша айтарлықтай жұмыс атқарған.

Әмір Темір, Шыңғысхан және барлық мұсылман билеушілерінің тарихы, моңғолдар, ұйғырлар тарихы, түрік Хорезмшахтарының тарихы бойынша бағалы мұрағаттық мәліметтердің көшірмелері анықталып, әкелінген. Бұл Мысыр, Иран, Түркия мен Өзбекстанға жасалған іс-сапарлар арқасында мүмкін болып отыр. Ал жеке алғанда,Түркістан қаласының сипаттамасы, түрік хандары, Мәуеренахрдағы түрік тайпалары жөніндегі мәліметтері бар моңғолға дейін және моңғол дәуіріне дейінгі Қазақстан мен Орталық Азия тарихы бойынша бірегей дерекнамалар да бар.

«Моңғолия, Қытай және Германияға ғылыми іс-сапар нәтижесінде прото, ескі және орта түрік кезеңінде түркі халықтарының бабалар тарихынан көрініс беретін антикалық, түрік руналық тас жазуларының, ескі үнді, қытай көздерінің негізіндегі ерте көшпенділер тарихы бойынша тарихи көшірмелер табылды», — деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта жинақталған материалдар өңделу үстінде.

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА


«www.bnews.kz».

Рубрика: