Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 13 қаңтар. BAQ.KZ – Назарларыңызға осы аптадағы әлемде күтілетін саяси-экономикалық және мәдени оқиғалардың тізбегін ұсынамыз.

Ертең ғарыш кеңістігінде ыдырап кеткен «Айсон» (ISON) мегакометасының шаңы Жер шарын басып қалады. «Ғасыр кометасы» атағына ие болған бұл аспан денесі,Күнмен  арадағы жақындықты көтере алмай,сәуленің әсерінен өртеніп кеткен. Бұған көптеген  елдердің обсерваториялары келтірген деректері дәлел.
Кеше Минскіде қолға түскен Белорусьтің оппозициялық Біріккен азаматтық партиясының көшбасшысы Анатолий Лебедько ертең сот алдында жауап береді. «РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, Лебедько бұдан бұрын Минскіде Белоруссияның автокөлікке арналған баж салығының енгізілуіне қарсы қол жинамақ болған.
Ертең Microsoft 2014-жылдағы алғашқы төрт қауіпсіздік жаңартылуын жарыққа шығарады. Қауіпсіздік бюллетеньдері Windows7, Microsoft Word және SharePoint, сондай-ақ Windows XP мен Windows Server 2003 бағдарламаларындағы ақауларды жоюға бағытталған.
Сейсенбіде сондай-ақ,Иран сыртқы істер министрі Джавад Зариф Сирияға ат басын тірейді. Бұл туралы ирандық БАҚ мәлімет таратты. Иран СІМ басшысы Сирия президенті Башар Асадпен кездеседі. Бірақ бұл кездесу сәрсенбіге белгіленген.
Ал сәрсенбіде ПАСЕ баяндамашылары Майкл Йенсен мен Борис Силевич Грузияға кезекті сапарын жасайды.ПАСЕ сайтының мәліметінше,сапардың басты мақсаты-аталмыш елдегі 27-қазанда өткен президенттік сайлаудан кейінгі саяси жай-күйді бағамдау. Йенсен мен Силевич Грузия президенті Георгий Маргвелашвилимен кездеседі.
Сәрсенбіде АҚШ-қа Украинадан «қонақ» келеді. Украинаның сыртқы істер министрлігінің бұрынғы басшысы Борис Тарасюк АҚШтың сыртқы істер бойынша Комитетінің отырысына қатысады. Мұнда Украина жетекшілеріне қатысты санкциялар да қабылданып қалуы мүмкін. Бұл туралы Майданда «Батькивщина» франциясының көшбасшысы Арсений Яценюк айтты.
Сәрсенбіде ресейліктер австралиялық етті жеуді тоқтатады. Ресейдің ауылшаруашылық бақылау комитеті Австралиядан әкелінетін еттің құрамынан бұлшық етке зиянын тигізетін қоспалар анықтады. Енді  Ресей аумағында аталмыш елдің ет өнімдері сатылмайтын болады.Тайландқа саяхат жасаушыларға жаңа салық 15-қаңтардан бастап күшіне енеді. Тропикалық елге келуші туристер сәрсенбіден бастап аталмыш мемлекетте 3 тәулік тынығу үшін 30 бат салық төлейтін болады. Аталмыш елдің экономикалық жағдайы қазіргі уақытта жақсы емес.
Осы күні сондай-ақ Латвия Еуроаймақтың 18-ші мүшесі атанбақ. Аталмыш ел біріккен Еуропаның бір бөлігі болып-ақ,ұзақ уақыт бойы ұлттық валютасынан бас тарта алмаған бірден-бір ел болып қала бермек. Бұл ақпарат елде қымбатшылықтың қанат жаюына алып келді. Халықтың жартысы Еуроодаққа қосылуды қолдамайды.
16-қаңтарда Францияда волейболшы Эрвин Нгапеттың соты басталады. Сот Монпелье қаласында өтеді,деп хабарлайды Midi Libre. 2013-жылдың 12-тамызында Латте түнгі клубында болған төбелесте Франция құрамасының ойыншысы көзге түскен. Жанжалға құраманың өзге де ойыншылары қатысты деген дерек бар.
Кіші жұмада Украинаның 2014-жылға арналған мемлекеттік бюджеті қабылданып қалуы бек мүмкін. Жоғарғы Рада аталмыш заң жобасын қарайды. Үкімет Радаға 2014-жылғы мемлекеттік бюджетте 392,404 млрд грн табыс пен 447,294 млрд грн шығын болатынын ұсынып отыр.
«Булгария» кемесінің апатына қатысты сот отырысы 16-қаңтарда қайта жанданады. Бұл күні кінәлі деп танылғандарға рақымшылық жасалуы мүмкін,деп жазады Рrokazan.ru.Атап айтқанда,кемені жалға алушы Светлана Инякина өзіне рақымшылық жасауды сұраған.
Жұмада Сочи Олимпиадасының алауы Белгородқа жетеді. Бұл-алауды қабылдайтын 115-ші қала. Белгородтық факел ұстаушылар 122 адамды құрайды.
АҚШ президенті Барак Обама 17-қаңтарда америкалық арнайы қызметтерді реформалау қажеттігін жариялайды. Ақ Үй баспасөз қызметшісі Джей Карни реформаның жай-жапсарын айтудан бас тартты.
17-қаңтарда Сирияның оппозициясы мен революциялық күштерінің Ұлттық коалициясы халықаралық «Женева-2» конференциясына қатысу-қатыспау туралы шешімін айтады. Бұл туралы Ұлттық коалиция басшысы Мунзер Бахус Парижде мәлімдеме жасады.
Дәл осы күні Чехияның премьер-министрі қызметіне чехиялық социал-демократиялық партияның басшысы Богуслава Соботку салтанатты түрде тағайындалады. Бұл туралы ел президентінің баспасөз-хатшысы Иржи Овчачек хабарлады.
Армения парламентінің төрт саяси күші 18-қаңтарда зейнетақы жүйесіне қатысты шеру өткізеді. Бұл фракциялар басқарушы коалиция құрамына кірмейді. 2014-жылдың 1-қаңтарынан бастап Арменияда міндетті зейнетақы жинақтау жүйесі күшіне енді. Бұл заң халықтың наразылығын тудырып отыр.
18-қаңтарда Вьетнамда миссионерлердің елге алғаш келуіне 400 жыл толады. Осы датаға орай аталмыш мемлекетте мерекелік шаралар өтпек. Вьетнамдағы иезуиттер өз орденінің екі жүз жылдық мерейтойын осы жылы тойламақ.
Жексенбіде «қар күнін» атап өтеміз. Бұл дата халықаралық шаңғы спорты федерациясының бастамасымен 2012-жылдың қыс мезгілінен бері аталып өтіледі.

 

 

Асаубек ӘЙІМБЕТОВ

http://baq.kz/kk/news/42028

Рубрика: