Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_2b05770e8ab98fff282a6ea7359ae6efАстана. 13 қыркүйек. Baq.kz – Қалалық Достық үйінде Орыс әлеуметтік-мәдени орталығы және «Ертіс шамшырақтары» әдеби бірлестігі бірлесіп «Орыс тілі күнін» өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

   Іс-шара ауызша журнал түрінде өткізілді. Оған М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің студенттері және Семей өңірінің ақындары қатысқан.

   Достық үйінің әдіскері С. Ешімова: «Ауызша журнал 2 беттен тұрды. Біріншісі — «Орыс тілін ұлықтаймын» деп аталса, екіншісі орыс тілі жөнінде қалам қозғаған ақындардың өлеңдеріне арналды», — дейді.
   Ұйымдастырушылар іс-шараны қорытындылай келе, жұртшылықты орыс тілінде дұрыс сөйлеуге, нормативтік емес лексиканы пайдаланбай, тілдің классикалық түрінде сөйлеп, шетелдік сөздерді араластырудан аулақ болуға шақырды.

Рубрика: