Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Бүгін мұсылмандардың ең ұлық мерекелерінің бірі – Ораза айт мейрамы келіп жетті. Менің сұрағым келгені, бұл мерекені қалай қарсы алған жөн, не істеуім керек?

Бексұлтан, Теміртау қаласы

Негізі айт мерекесіне бір күн бұрын дайындалу керек. Яғни «арафа күні» мұсылмандар үй ішін тазалап, бауырсақ, шелпек пісіріп, айт күніне арнап тары түйіп, жент жасап, сүт-айран, қымыз-қымыранын дайындап, қарында сақталған сары майы мен қазы-қарта, жал-жаясын, жалпы тәттісі мен жылы-жұмсағын әзірлейді. Айт дастарханына спиртті ішімдіктер, харам саналатын тағамдар қойылмайды. Ораза айт мерекесі алдында мұсылман қауым толықтай шомылып, ғұсыл құйынып, үстіне жұпар иіс сеуіп, таза киімдерін киіп, айт намазына қатысуға қамданады. Бұл – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннеті. Демек, Алла елшісі (с.ғ.с) бұл күні мұсылмандарға барлық жағынан таза болуға үндеген. Бұл күні жетім-жесір, кембағал кісілерді сый-сияпат беріп қуантудың сауабы мол.

Айт намазынан кейін бүкіл жамағат өткен туыстарының, ислам ұлыларының қабірлерін зиярат етеді. Өткендердің, туыстар мен ғұламалардың рухына бағышталып, Құран кәрім оқылады, дұға етіледі. Содан соң үлкендердің, дос-жарандардың, таныстардың үйіне айттап барады. Егер туыстар бір-бірінен алшақ тұратын болса, бір-бірінің үйлеріне баруға жол ұзақ болатын болса, онда оларды айт мерекесімен құттықтаудың түрлі заманауи жолдары бар. Ғаламтордағы әлеуметтік желілер арқылы, телефон арқылы да құттықтаған абзал.

Туған-туыс, дос-жарандардың үйіне айттап барғанда: «Ораза қабыл болсын! Айт құтты болсын!» деп айтылады. Оған әркім әрқалай жауап береді. Біреулер: «Бірге болсын» немесе «Ортақ болсын!» деп те жатады, енді біреулер: «Айтсын, жақсылығы бірге болсын» дейді. Енді бұған қатысты дінімізде нақты бір осылай айтылып, осылай жауап берілуі тиіс деген сөз жоқ. Ең бастысы, ниет түзу болып, туыстық, достық қатынасты нығайтып, мерекеге шырай кіргізгеніміз жөн.

http://alashainasy.kz/din_islam/52641/

Рубрика: