Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

e653f9ea6cf585eb5fbc67252d320076«Старый Уральскъ» («Көне Орал») мұражайында фарфордан жасалған мүсіншелердің көрмесі өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Ол өмірінің басым бөлігін фарфор мүсіншелер жинауға арнаған қалалық колекционер Валентина Мухинаны еске алу үшін ұйымдастырылған.
  • Фото: автордікі

 Әрбір фарфор мүсіншеде терең сезім жатқаны байқалады. Ойнаған балалардың, билеген балериналардың, ертегі кейіпкерлері мен жабайы аңдардың мүсіншелерінен өз заманының иісін аңғаруға болады. «Старый Уральскъ» мұражайында өткен көрмеге Мухина, Гутаревтің, Мефтахутдиновтің, Хайруллин мен басқалардың жиынтықтары тегіс қала тұрғындарының назарына ұсынылған.

«Мына мүсінше 19 ғасырға жатады. Ағылшындық Френсис Гарднердің фабрикасында жасалған. «Саратов губерниясының әйелі» деп аталады. Илья Яковлевтің коллекциясынан алынған», — дейді мұражай директоры Геннадий Мухин.

Фарфор – тек мүсіншелер ғана емес, олардың арасында күлсалғыш, шамдар мен картиналар а бар.

«Аталғандардың арасында 19 ғасырға жататын мына зергерлік бұйымдарға арналған қобдишаны атап өтуге болады. Ол Францияда жасалған. Бұл жәдігер Татьяна Игнатьеваның коллекциясынан алынды», — деп толықтырды Г.Мухин.

Мұражайдағы фарфор бұйымдар көрмесі қараша айының соңына дейін жалғасады.

 

http://bnews.kz/kk/photonews/post/167623/

Рубрика: