Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

563860e6c89adСЖ_10Алматыда жеке автопаркке тиесілі жолаушы тасымалдайтын автобуста жаңадан енгізілген «Оңай» жол жүру терминалының қасақана сындырылғандығы анықталды. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Алматы қ. көлік Холдингі» ЖШС-ы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға «Киікбай» ЖШС-ға тиесілі №13-ші бағытта жүретін автобустың салонында 1-ші қараша күні болған. Осыған байланысты «Көлік картасы» ЖШС қызметкерлері акт толтырып, оған «CVB24 master жүйесі механикалық сипатта бүлінген, ал LCD дисплей сыныдырылған. Қондырғы енді іске жарамсыз», — екендігі жазылды.

«Электронды билет жүйесінің жұмысына қажетті жабдықтың сақталуына тасымалдаушылар жауап береді. Осы мақсатта материалдық жауапкершілік жөніндегі келісімшартқа қоса, қабылдау-тапсыру актісі толтырылған. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр»,  — деді «ҚазАқпарат» тілшісіне берген түсініктемесінде «Алматы қ. көлік Холдингі» ЖШС қызметкері Эльмира Киргеева.

Айта кетелік, CVB24 master, яғни «Оңай» терминалының бағасы — 232 873,49 теңге, ал монтаждау бағасы  — 51 544,13 теңге тұрады.

Айта кеткен жөн, бүгінгі таңда Алматы қаласының бүкіл жерүсті қоғамдық көліктері электронды билет беру жүйесімен жасақталған. 

«Қамшы» сілтейді

Рубрика: