Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_d1ee69312565a9e3fd84d9c906ed92e1Астана. 25 шілде. Baq.kz – Прокатқа дайындалып жатқан «Он и она» атты отандық романтикалық комедияның таныстырылымы өтті.

   Блогерлер мен журналистер үшін өткізілген презентацияға фильмнің режиссері — Сәкен Жолдас, продюсері — Әлия Меңдіғожина, басты рөлді сомдаушы актер — Жандос Айбасов қатысты.
Продюсердің айтуынша, қазір картинаның дыбысы мен түсі Оңтүстік Кореяда өңдеуден өтуде. 1 тамыздан бастап ресми трейлері жарық көреді. Ал 24 шілде күні фильмнің 15 минуттық үзіндісі көрсетілді.
Жобаның бюджеті шамамен 300 мың долларды құрайды. «Он и она» кейіпкерлері орысша-қазақша аралас сөйлейді. Бірақ продюсер фильм қазақ тіліне де дубляждалатынын айтып өтті.
Фильм қазіргі заманғы қаладағы махаббат оқиғасын суреттейді. Сюжетте қарапайым күн кешіп жатқан алматылық студент армандаған қызына мүлдем ұқсамайтын сұлуға ғашық болып қалады. Мелодрамада басты рөлдерді жас актерлер Жандос Айбасов пен Динара Бақтыбаева сомдаған. Сондай-ақ, белгілі актерлерден Жанна Қуанышева, Бақытжан Әлпейісов, әнші Айжан Нұрмағамбетова түсті. Премьерасы 2013 жылғы 12 қыркүйекке жоспарланған.

Kinostan.kz

Рубрика: