Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 9 сәуір. BAQ.KZ — Ресейдің Омбы қаласында мәдени-ағартушылық бағыттағы қазақ тіліндегі «Замандас» газеті жарыққа шықты. Бұған дейін ол орыс тілінде шығып тұрса, енді қазақ тілінде де жарияланып тұрмақ.

Көрші елдегі қандастарымыздың мақтанышына айналған басылымның бас редакторы — Павлодарлық студент, Максим Споткай. Максимның газет шығару туралы идеясын «Шоқан жолы» қоғамдық бірлестігі мен Қазақстанның Омбыдағы консулдығы қолдаған. Бұл басылым – Сібір жерінде шығатын қазақ тіліндегі жалғыз газет,-деп жазады Kazaitys.kz сайты.
Басылым «Шоқан жолы» Қазақ дәстүрінің қайта өркендеуі» аймақтық қоғамдық ұйымының мұрындық болуымен жарияланды.

 

«Бұл — Омбыдағы қазақ қауымына арналған мәдени-ағартушылық газет. Онда дәстүр, әдет-ғұрып, мәдениет сынды мәселелер қозғалмақ. Қазақ тілін үйренуге бір бет арнаймыз. Сосын Омбы облысында тұратын адамдар жайлы жазамыз. Мен өзім Орыс тілінде білім беретін мектепті тәмамдадым. Қазақ тілін мектеп бағдарламасы шеңберінде оқыдым. Тіпті, тілімді ширататын қазақтілді орта да болмады. Қазақ тілді меңгеруім, бірінші кезекте – білікті ұстаздардың еңбегі. Оқу барысында Абайдың тіліне деген сүйіспеншілігім ояна түсті. Қазіргі таңда дүйім жұртшылық алдында қысылмай сөз сөйлеу деңгейіне жеттім. Ұстаздарыма айтар алғысым шексіз!», — деді Максим Споткай.

Басылымның бірінші саны Ресейдің Азиялық бөлігіндегі мұсылмандар діни басқармасы Сібір федералдық округінің мүфтиі марқұм Анарбек Жүнісовке арналған.
Газеттің таралымы — 999 дана.

 

http://baq.kz/kk/diaspora/974

Рубрика: