Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Олланд пен Меркель соғыс болуы мүмкін деп мәлімдедіФранция президенті Франсуа Олланд Мәскеуде өткен үшжақты келіссөзді Украинада соғысты болдырмаудың соңғы мүмкіндігі деп атады.

«Менің ойымша бұл соңғы мүмкіндіктің бірі. Бейбіт келісім орнату мақсатында мәмілеге келмесек, біз сценаридің әрі қарай қалай өрбитінін жақсы біліп отырмыз: оның атауы бір — соғыс» деді Олланд журналистерге берген сұхбатында.

Германия канцлері Ангела Меркель де Мәскеуде өткен бұл кездесудің мәні зор екенін айтты.

«Бұл келіссөздерден қандай нәтиже шығарын біз білмейміз. Жанжал әскери құралдармен шешілмеуі керек, біз дипломатиялық күшімізді салып көреміз» деді А.Меркель.

Нақтылайық, жұма күні кешкісін Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд және Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде кездескен. Бес сағатқа созылған келіссөз жабық есік түрінде өтті. Олланд пен Меркель Мәскеуге келмес бұрын Киевке соғып, Петр Порошенкомен кездесті.

Ал, Порошенко Мюнхенде журналистерге берген сұхбатында Олланд пен Меркельдің бейбіт жоспарын құптайтын айтқан. Украина президентінің ойынша, француз-герман бастамасы Еуропадағы қауіпсіздіктің негізі бола алады.

ult.kz

Толығырақ: http://alashainasy.kz/politic/olland-pen-merkel-sogyis-boluyi-mumkn-dep-malmded-63013/

материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Рубрика: