Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

скачанные файлы (4)Оңтүстік Қазақстанда «Салауатты өмір салтын ұстан!» атты кең ауқымды «Денсаулық фестивалі — 2015» акциясы өтті. Облыстың барлық аудан, қалаларында ұйымдастырылған шараға жергілікті тұрғындар белсене атсалысты. Бір ғана Шымкентте өткен акцияға 5 мыңға жуық адам қатысқан. Олардың ішінде 1300 адамға медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлік кеңестер берілді. Осымен он алтыншы рет ұйымдастырылған шарада тұрғындар әдеттегідей тегін медициналық тексеруден өтіп, дәрігерлерден кеңес алды. Биылғы акцияға өңірдегі барлық мемлекеттік ұйымдардың өкілдері қатысты. «Денсаулық шеруімен» басталған акцияға облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов қатысып, азаматтарды спортпен шұғылданып салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Осыдан кейін азаматтарға тегін медициналық қызмет көрсететін «Денсаулық қалашығы» жұмысын бастады. Облыс әкімдігінің қолдауымен және облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өткен бұл шара бір күндік емес. Алдағы уақытта да жалғасады. Өйткені, тексеруден өтіп, ауруы анықталған азаматтар ертең емханаға барып, емін алмақ. Жалпы еліміз бойынша ұйымдастырылып жатқан аталмыш шара республикамыздың түкпір-түкпірінде, яғни шалғайда жатқан тұрғындарға тегін әрі сапалы медициналық қызмет көрсетуді көздейді. Халық денсаулығын жақсартуға бағытталған акциялар жыл сайын түрлі формада жүргізіліп келеді.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

http://zhebe.com/

Рубрика: