Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

17hgauw6Бүгін, 19 қазанда ОҚО бойынша білім саласын бақылау департаментінің басшысы тағайындалды. Департаментті енді Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы басқарады. Жаңа басшыны облысқа арнайы іс-сапармен келген ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім саласындағы бақылау комитеті төрағасы Саят Нүсіпов таныстырды. К.Құрманалиев 1962 жылы ОҚО Бәйдібек ауданының Жамбыл ауылында туған. Филология ғылымдарының докторы, профессор Алматы педагогикалық шет тілдер институтын, Қайнар университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын педагог, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Алматы шет тілдер институтында кәсіподақ комитеті төрағасы және проректор болып бастаған азамат әр жылдары түрлі білім беру мекемелерінде кафедра меңгерушісі, вице-президент-ректор, проректор, департамент директоры қызметтерін атқарған. 2008 жылдың қараша айы мен 2015 жылдың қазаны аралығында Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының Вице-президенті лауазымын атқарды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рубрика: