Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

pogudx41j6g4rqr36.778a5457Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Сайрам ауданы Ақсу ауылындағы ерлер костюмін тігетін республикадағы жалғыз «GOLDEN NOMAD» тігін фабрикасында болып, отандық тауарөндірушілерді қолдау мақсатында өзіне «Қазақстанда жасалған» маркасымен тігілген костюм сатып алды. Бұл жайында облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аталған кәсіпорын 2014 жылдың наурыз айында жұмысын бастаған. Фабрика жылына 26400 дана костюм, 52800 дана шалбар тігуге қауқарлы. 2015 жылдың ақпан айынан бастап кәсіпорын өндіріс орындары мен банк қызметкерлеріне арналған арнайы киімдер тігуді қолға алды. Бүгінгі таңда мұнда барлығы 108 адам жұмыс істейді. Осы жылдың қараша айынан бастап әйелдерге арналған киім тігетін цех ашу жоспарда бар.

baq.kz

Рубрика: