Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украинада Одесса қаласында қаңтардың 5-іне қараған түні күшті жарылыс болды. Кейбір ақпараттар бойынша, жарылыс арнайы операцияға қатысып жатқан украин әскеріне көмек көрсететін қоғамдық ұйымның үйлестіру орталығында болған.

«Автомайдан» үкіметшіл тобының мәлімдеуінше, жарылыстан ешкім зардап шекпеген. Жергілікті билік жарылыс әсерінен ғимарат терезелерінің көпшілігі сынғанын айтады. Жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қаңтардың 3-інде Одесса-Пересыпь теміржол станциясында жарылыс болып, мұнай өнімдерін таситын цистерналар зақымданған еді. Украинаның құзырлы орындары станциядағы жарылысты теракті деп бағалаған.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26776718

Рубрика: