Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АҚШ президенті Барак Обама 4 маусым күні Варшавада Украинаның жаңадан сайланған президенті Петр Порошенкомен кездесті. Кездесуде не айтылғаны туралы әзірге хабарланған жоқ.

3 маусым күні Варшаваға барған Обама Еуропаға уақытша жіберілетін америкалық әскер санын көбейту үшін 1 миллиард АҚШ долларын бөлуге уәде берген.

НАТО Ресейді «Украинаның шығысындағы тәртіпсіздіктерге дем беріп отыр» деп айыптайды.

НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссен 3 маусым күні Брюссельде альянс таяуда Украина армиясын модернизациялау және реформалауға көмек көрсету туралы шешім қабылдайтынын мәлімдеген.

НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлерімен кездескен Андерс фог Расмуссен одақтас елдерді Украинадағы дағдарысқа байланысты қорғаныс бюджетін көбейтуге шақырған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140604/330/330.html?id=25409738

Рубрика: