Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АҚШ президенті Барак Обама Вашингтонның НАТО құрамындағы Польша мен Орталық және Шығыс Еуропалық мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетіне адал екенін мәлімдеді.

Варшаваның орталық алаңында көпшілік алдында сөйлеген Обама «Польша, Эстония, Латвия, Литва және Румыния ешқашан жалғыз қалмайды. Біз Ресейдің Қырымды аннексиялап алғанын және Украинаның егемендігіне қол сұққанын қабылдай алмаймыз» деді.

Ол 4 маусым күні Польшада посткоммунистік кезеңнен кейінгі алғашқы демократиялық сайлау өткеніне 25 жыл толуына арналған шараларға қатысқан еді. Обама Польшада 1989 жылы болған оқиғаларды Украинадағы қазіргі жағдайлармен салыстырды.

«Ресейдің арандатушылық әрекеттерін жалғастыруы өзін одан ары оқшаулап, шығынға ұшырата түседі» деп ескертті ол.

4 маусым күні Польша астанасында Обама Украинаның жаңадан сайланған президенті Петр Порошенкомен кездескен.

 http://www.azattyq.org/archive/news/20140605/330/330.html?id=25410770

Рубрика: