Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

загруженное (1)
Астана. 18 қыркүйек. Baq. kz- Отбасы тек әлеуметтік қамқорлыққа емес, рухани-психологиялық қамқорлыққа да зәру. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Оразкүл Асанғазы осылай мәлім етті.

Депутаттың сөзіне қарағанда, қоғамда жастар тәрбиесі әлі де жетілдіруді, толықтыруды қажет етеді. Өйткені, оның сөзіне қарағанда, статистикалық мәліметтер елімізде ажырасудың көп екендігін, ұрпағына лайықты тәрбие бере алмайындардың да саны жеткілікті екенін байқатқан. «Қазіргі өркениетті кезеңде отбасы тәрбиесімен арнайы айналысатын кәсіби психологтарға әлеумет аса зәру. Бізде жалпы психолог мамандарды дайындау болғанымен, салалық маман иелері дайындалмайды. Шетелде бизнес, спорт, саясат, отбасы, тағы да басқа салалардан арнайы мамандар дайындалады және олар қоғамның рухани салауаттануына өз үлестерін қосады. Сондықтан да, еліміздегі іргелі педагогикалық жоғарғы оқу орындарында отбасы тәрбиесі кафедраларын ашу — өзекті мәселе», — дейді депутат.

Оның айтуынша, отбасы психологиясына байланысты арнайы оқу құралдарын дайындау, әдістемелік кабинеттерді жабдықтау, ғылыми әдебиеттермен толықтыру, отбасылық тәрбие беру ісімен айналысатын қоғамдық ұйымдарды қолдау бұл саланы қалыптастырып, дамытпақ. Ал қазіргі кезеңде оқытылып жүрген психология пәні жалпылама негізде, ұлтымыздың дәстүрін, ділін, тілін, ерекшеліктерін ескере бермейді. Сол себептен отбасы психологиясында әр ұлтқа тән отбасылық, әулеттік қасиеттер ескеріліп, екшелене берсе, онда қоғамның рухани салауаттылығы артқан болар еді деп есептейді ол.

«Біз отбасын тек әлеуметтік қамқорлыққа емес, рухани-психологиялық қамқорлыққа да алғанымыз абзал. Соның бір шарасы — азаматтардың хал-актілерін тіркеу орындарында жаңа үйленбек болған жастарға психологиялық кеңес беретін, отбасы кикілжіңіне алғаш кеңес беретін учаскелік инспекторлары, арнайы отбасылық психология маманы қажет», — дейді депутат Оразкүл Асанғазы.

 

http://baq.kz/kk/news/35897

Рубрика: