АЛТЫНОРДА
Новости

Нұртай Абықаевтың ұлы апатқа ұшырады

Қарағанды. 8 сәуір. baq.kz — ПАвтоспорт федерациясының президенті Мұрат Абықаев автожарыста апатқа ұшырады. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Astana Racing Team баспасөз хатшысы Олеся Колесниченко мәлім етті. 

 

«Марат Абықаев омыртқасына зақым келіп, ауруханаға жатқызылды. Бұл оқиға автокөлік жарысы кезінде орын алған. Қазір ол дәрігерлердің қадағалауында жатыр. Қазір одан өзге ақпарат жоқ», — деді баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, «жүргізушісіз жарысты жалғастыру мүмкін емес болғандықтан, экипаж жарыстан шығып қалды». Оны Астанаға жеткізу мәселесі әлі шешілген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Абу-Дабиде Аbu Dhabi Desert Сhallenge-2013 автораллиі өтіп жатыр, оған 6 қазақстандық экипаж қатысқан болатын.

BNEWS