АЛТЫНОРДА
Новости

Нұрсұлтан Назарбаев Лондонда Дэвид Кэмеронмен кездесті

434_8ad98bad602a17b63b836cdbbb19bdeaАстана. 23 шілде. BAQ.KZ – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Лондонда Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті. Бұл жайында Ақорданың ресми сайтыхабарлады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ұлыбритания көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөнінде ұстанымдарды тағы да келісіп, екі елдің сауда-экономикалық өзара іс-қимылын одан әрі жандандырудың негізгі аспектілерін қарастырды, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мәселесі мен халықаралық күн тәртібін талқылады.

Сонымен қатар, кездесуде Д.Кэмеронның Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы қаралды.

http://www.baq.kz/kk/news/32725