Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әлем аумалы-төкпелі кезеңге килігіп, жаһаннан тыныштық кетіп тұрған қазіргі заманда Қарулы күштердің қуатты болғаны керек. Өкінішке қарай, коррупциялық жанжалдар қазақстандық әскери мекеменің қадірін арттырмайды.
Кеше жедел-стратегиялық кеңес өткізген Президент, Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтен еліміздің Қарулы күштері қатарында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оны жою бағытында пәрменді шаралар қабылдауды талап етті. Ел қазынасынан бөлінген әр теңге мемлекеттің қауіпсіздігін күшейтуге қызмет етуге тиіс.

– Еліміздің қорғаныс қабілетін арт­тыруға орасан зор қаржы бөлінуде, – деп атап көрсетті Елбасы. – Ұлттық қауіпсіздік жо­ғарғы деңгейде қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл ретте жемқорлық фактілері маза­сыз­дық туғызады, әскердің беделіне «дақ» түсіреді, ұлттық қауіпсіздікке қатер төн­діреді. Қор­ғаныс министрі сыбайлас жем­қорлықтың алдын алатын шаралар қабылдауы қажет.

Кез келген тәуелсіз мемлекет, тек ек­піні мен тепкіні қатты, қуатты Қарулы күш­тері болса ғана, өзінің жарқын бола­шағына сенімді болары сөзсіз. Қазақстан тәуелсіздік жылдары бойында өз әскерін қазіргі заманғы озық техникамен, қару-жарақпен қамта­масыз етуге көңіл бөліп келеді. Осылайша сардарлар мен солдат­тарға ел алдындағы өз борышын адал атқаруға жағдай жасалуда.

Қазақстан өз алдына миллиондық ау­қымды әскер құруды мақсат тұтпайды, қазақстандық әскер ықшам әрі ұтқыр болуға тиіс. Жоғарғы Бас қолбасшы мем­лекетіміз­дің қорғанында білікті мамандар мен ұлты­на шын берілген азаматтар тұруға тиістігін нықтады: «ХХІ ғасырда Қарулы күштер мамандардан, патриоттардан және ары таза азаматтарымыздан құралуға тиіс!» деп міндеттеді Елбасы.  Әскерден қашанда темірдей тәртіп, заманауи техниканы мінсіз меңгеру және ұдайы ұрысқа дайын болу талап етіледі. Мемлекет басшысы айтқанындай, жері­міз­дің шекарасын айнала достас елдер қоныс­танғанымен, әлемде бас көтеріп жатқан жаңа қатерлерге ел әзір отыруы, тойтаруға қабілетті болуы қажет.

– Біз армиямызды әскери-техникалық жарақтандыруды және отандық әскери-өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысын ны­ғай­туды жалғастырамыз. Ұйым­дастыру­шылық-штабтық іс-шаралар санын қыс­қарту керек. Олардан тек мем­лекет қара­жаттарын қажетсіз шығындаудан басқа пайда жоқ, – деді Мемлекет басшысы.  Кеңес кезінде Елбасы Н.Назарбаев елдің қорғаныс қабілеттілігін нығайтуға бағыт­тал­ған басқа да нақты тапсырмалар берді.

http://www.aikyn.kz/news/view/44171

 

Рубрика: