АЛТЫНОРДА
Новости

Нұрлан Қаппаров қайтыс болды

©ortcom.kz«Қазатомөндіріс» ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Қаппаров жүрек талмасынан қайтыс болды, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Қаппаров қазақстандық делегацияның құрамында Бейжің қаласында жүрген. Бүгін ол жүрек талмасынан қайтыс болды. Оның туған күніне дейін төрт-ақ күн қалған еді.

Н.Қаппаров — Алматы технология институтын, Гарвард университетінің Дж. Кеннеди атындағы Жоғары басқару мектебін бітірген, мамандығы бойынша инженер-экономист, мемлекеттік басқару магистрі. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «Акцепт» корпорациясын құрып, 1991 жылдан 1997 жылға дейін аталған корпорацияны басқарды. «КазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания, «Казахойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» АҚ президенті, энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2003 — 2011 жылдары «Ланкастер групп Казахстан» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, ал 2012 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР қоршаған ортаны қорғау министрi болып жұмыс істеген. 2014 жылы «Қазатомөндіріс» ұлттық компаниясының басшысы қызметіне тағайындалған болатын. Қаппаров Қазақстандағы ең бай 5 азаматтың қатарына кірген.

http://alashainasy.kz/