АЛТЫНОРДА
Новости

Нидерландық Венецияның моп-момақан тыныштығы

Де Виден қорығына қарасты Гитхорн елді-мекенін жергілікті тұрғындар «Нидерландық Венеция» деп атап кеткен.  Мұнда сізге керектің бәрі бар: 7,5 километрге созылған су каналы;  елуге жуық ағаш көпірлер;  қайық өткелдері;  ескі үйлер мен тағысын тағы…

Шап-шағын елді-мекенді 1230 жылы Жерорта теңізінен келген қашқындар қалаған. Олар осы жерге алғаш табан басқанда 1170 жылғы тасқыннан қалған көптеген ешкі мүйіздерін байқаған. Содан бері аталған жер “Geytenhorn” (“Ешкі мүйізі”) аталып, бірнеше ғасырлар ширегінде “Giethoorn” (“Гитхорн”) атанып кеткен.

Ерте кезден қалыптасқанына қарамастан, тек 1960 жылдардың орта шеңінде туристердің қызығушылығын туғызып, танымал бола бастайды. 1958 жылы «қызғалдақтар елінің» режисері Берт Хаанстр Гитхорн жайлы қысқа метражды кино түсіріп, сол уақыттан бастап әлем назарында «Нидерландық Венеция» атанып кете барды.

Қаланың ескі бөлігінде осы күнге дейін жер үсті жолы болмағандықтан, қала тұрғындары бір кварталдан келесі кварталға ызың-шуы жоқ электрқайықтармен қатынайды. Мұндағы адамдардың барлығы дерлік тыныштықтың аясында ұйып жатқан моп-момақан қасиетті жерді өз жандарынан артық қастерлейді.

 

сурет:nnm.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

 

http://massaget.kz/