Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ниагара сарқырамасы әлемдегі ең керемет табиғи орындардың бірі екені белгілі. Ол жерге жыл сайын мыңдаған туристер келіп, табиғаттың осы бір сыйын өз көзімен көреді. Олар үшін үлкен биіктіктен құлаған суды көру ешқандай қауіп төндірмейді.

Сонымен, біз сіздерге осы бір керемет сарқырама жөнінде қызықты жәйттерді назарларыңызға ұсынуды жөн санадық:

  • Ниагара сарқырамасы екі негізгі сарқырамадан тұрады: «Таға» (Horseshoe Falls) деген атпен белгілі канадалық сарқырама және АҚШ аумағындағы сарқырама (American Falls).
  • Ниагара сарқырамасы мұз дәуірі кезінде орын алған мұздықтардың еруі салдарынан пайда болды. Бұл осыдан 10 000 жыл бұрын орын алды.
  • Ниагара сарқырамасындағы судың жасыл түсті болуы тұздың көп мөлшерінен және үлкен бұрқақтың әсерінен эрозияға ұшараған жергілікті топырақтың ерекшелігіне байланысты болады. Оның құрамында ізбестің өте көп мөлшері бар.
  • Табиғи эрозия салдарынан сарқырама биіктігі жыл сайын бір футқа аласарып барады. Бұл 50 жылдан соң, сарқырама жойылады деген сөз.
  • Ниагара сарқырамасы арқылы көліктерге арналған екі көпір салынған. Олар: Rainbow Bridge және Whirlpool Rapids Bridge.
  • Rainbow Bridge көпірі сарқыраманың төменгі ағысынан бірнеше жүз метр жерде орналасқан. Ол жерден сарқырамаға ең әдемі көрініс ашылады.
  • АҚШ-тағы ауыз судың 20%-ы осы сарқырама арқылы өтеді.
  • Осы күнге дейін көптеген адамдар Ниагара сарқырамасын бағындыруға талпынды. Бірақ олардың көпшілігі адамдардың жан тапсыруымен немесе жарақат алуымен аяқталды. Қазіргі кезде адамдардың әр кездегі сарқыраманы бағындыруға талпынған оқиғалары жазылған арнайы мұрағат бар.
  • Қазіргі кезде сарқырамаға арнайы тур саяхаттар ұйымдастырылып тұрады. Олар мінген кеме сарқыраманың тура астына дейін жүзіп бара алады. Мұндай саяхат 1846 жылдан бастап іске қосылған.
  • Ниагара сарқырамасының төменгі жағынан көрінетін қоңыр түс құлаған бірнеше тонна судың салдарынан көтерілген топырақтың әсерінен болады.
  • Сарқырамадан құлаған балықтардың 90%-ы тірі қалады.
  • «Ниагара» атауының шығуына байланысты ғалымдар арасында бірнеше тұжырымдар бар. Солардың бірі сарқыраманың атауы жергілікті тайпалардың «Ongniaahra» деген сөзінен шыққан дейді. Бұл сөз  «Жердің екіге бөлінген нүктесі» деген мағынаны береді.
  • Ниагара сарқырамасы жөнінде және оны декорацияға пайдаланған бірнеше фильм түсірілді. Олар: Мэрилин Монро және Джозеф Коттен қатысқан «Niagara», «Superman II» (1980), «Ниагара: Ғажайыптар, мифтер және магия», «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмдері және тағы басқалар.
  • Әр жыл сайын сарқыраманы тамашалауға 25 миллион турист келеді.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: mail.ru

http://massaget.kz/alemtanu/shartarap/10202

Рубрика: