Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Назарбаев Ресейге террорлық әрекетке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаевтың террорлық әрекет салдарынан көп адамның өліміне әкеліп соқтырған қайғылы жағдай туралы хабарды күйзеле қабылдағаны атап өтілген.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтыхабарлайды.

Қазақстан Президенті қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтығын білдірген қолдау сөзін және барша Ресей Федерациясы халқына көңіл айтуын жеткізуді сұраған.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы терроризмнің кез келген түрі мен көрінісін батыл айыптап, барша әлемдік қоғамдастықты бұл зұлматпен күресу үшін ынтымақтастық аясын кеңейтуге шақыратынын атап өткен.

“Ақорда” ресми сайты

Рубрика: