Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев СССР-дің соңғы басшысы Михаил Горбачевтің саясатын «алысты болжай алмады» деп сынға алды.

Tengrinews сайтының хабарлауныша, Астанада өтіп жатқан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын трансформациялауға арналған форумда Назарбаев советтік кезеңде Горбачевтің реформаларын сынаушылардың бірі болғанын, өзінің кейбір кеңестерін оның «тыңдамағанын» айтқан.

«Мен социализмді түзеп, ары қарай дами беруге болады деген Горбачевтің реформаларын сынаушылардың бірі болдым. Ол «адами кейіптегі социализм» дегенді айтатын. Бірақ оның не екенін ешкім түсінбеді. Горбачев шамасы, экономикаға жақындатылған социализмді айтқысы келсе керек. Бірақ егер мемлекеттік компаниялар корпоративтік нарықтық ұстанымдар бойынша басқарылатын болса, бұл проблемалар сәтті шешіледі» деген Назарбаев.

Қазақстан президенті Горбачевке Қытайдың басқару ережесіне назар аудару қажетін жеткізгенімен, СССР басшысы оны «тыңдамағанын» айтқан.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141006/330/330.html?id=26622818

Рубрика: