Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке қазан айының бірінен бастап қазақстандық кәсіпкерлерге салық рақымшылығын жариялауды тапсырды.

«Биылғы жылдың желтоқсанына дейін үкімет бизнесті қолдауды дамытудың бірыңғай бағдарламасын қабылдауы керек. Үкіметке 2014 жылдың шағын және орта бизнес субъектілерінің 1 қазанына дейін жинақталған айыппұлдары мен өсімақыларына салық рақымшылығын жүргізуді тапсырамын» деді Назарбаев үкіметтің кеңейтілген жиынында.

Бұған дейін Астанада өткен кәсіпкерлердің бірінші съезінде премьер-министр Кәрім Мәсімов қазақстандық кәсіпкерлердің салық органдарында 2013 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың қаңтарына дейін жинақталып қалған айыппұлдары кешірілетінін мәлімдеген еді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140806/330/330.html?id=26516664

Рубрика: