АЛТЫНОРДА
Новости

Назарбаев пен Путин Украина жайын кеңесті

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин.«Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы ахуалды талқылады» деп хабарлайды Қазақстан президентінің ресми сайты.

«Екі ел басшылары Украинадағы дағдарыс пен одан шығу жолдары туралы пікір алысты. Қазақстан президенті бейбіт тұрғындардың, әсіресе әйелдер мен балалардың қаза тауып жатқанына алаңдаушылық білдіріп, тараптардың атысты тоқтатып, бейбіт келіссөздер бастайтынынан үмітті екенін білдірді» дейді президенттің баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында Назарбаев пен Путин екіжақты қарым-қатынас пен Еуразия экономикалық одағын дамыту мәселелерін де талқылаған.

Украинаның оңтүстік-шығысында сәуір айынан бері үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер арасында ұрыс жүріп жатыр. БҰҰ-ның соңғы дерегі бойынша, қақтығыстардан құрбан болғандар саны мыңнан асқан.

http://www.azattyq.org/content/news/25475886.html