Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 10 наурыз. Baq.kz – Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында берілетін баспаналар тақырыбы аясында өрбіді. Оған «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев пен Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, «Бәйтерек деволепмент» АҚ Басқарма төрағасы Бақыт Жақсыбаев және «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Болат Досмұхамбетов қатысты.

«Бәйтерек» холдигі 20 наурыз күні «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тұрғындарға жаңа пәтерлердің кілтін тапсыруды жоспарлап отыр екен.

— Осы мақсатта Астана қаласында жалпы көлемі 7,5 мың шаршы метр 86 пәтер сатып алынды. Алматыда жалпы көлемі 37 мың шаршы метр 708 пәтерлі және жалпы көлемі 6,5 мың шаршы метр 95 пәтерлі дайын екі объекті сатып алынды. Көкшетау қаласында дайын тұрғын-үйден жалпы көлемі 19,5 мың шаршы метр 337 пәтер қолданысқа алынды. Семейде — жалпы көлемі 5 мың шаршы метр 120 пәтер, оның ішінде 60 пәтер наурыз айында, ал қалған 60 пәтер сәуір айында тұрғындарға тапсырылмақ. Ал, Қостанай қаласында жалпы көлемі 750 шаршы метр 11 пәтер сатып алынған. Жалпы алғанда, тек наурыз айында жалпы көлемі 76,5 мың шаршы метрге тең 1 357 пәтер тұрғындар игілігіне берілетін болады, — деді Қуандық Уәлиханұлы.

Айта кетейік, Наурыз мейрамы қарсаңында үлестірілетін бұл үйлер Мемлекет басшысының елге жолдаған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында берілетін болады.

http://baq.kz/kk/news/61975

Рубрика: