АЛТЫНОРДА
Культурное наследие

«Наурыз» мейрамына орай Халықаралық телекөпір өтеді

vlcsnap-2015-03-18-17h07m35s120«Қазақстан» телеарнасы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінде әлемнің әр түпкірін мекен етіп, тіршілік кешіп жатқан қандастарды атажұрттағы ағайынмен тікелей эфирдегі телекөпір арқылы қауыштыруды мақсат тұтып отыр.

Осы орайда, сіздерге Қытай Халық Республикасы /Үрімші/, Түркия /Стамбул/, Қырғызстан /Бішкек/, Ресей /Астрахан/, Әзірбайжан /Баку/, Моңғолия /Улаан-Батор/ елдерімен байланысқа шығып, түбі бір түркі халықтарының Наурыз мерекесін қалай тойлатындығы, қандай салт-дәстүр, әдет-ғұрып сақталғандығы туралы жан-жақты мағлұмат беріп, ортақ мерекені бірлесе тойлау жоспарланып отыр.

Бағдарлама барысында сол елдің тұрмыс-салты, жеткен жетістіктері туралы айтылса, ақын-жазушылар шығармашылықтары туралы сыр шертеді. Көнекөз қариялар ертеректе Ұлыстың ұлы күнін қалай қарсы алғандығын еске түсіріп, өнер майталмандары Қазақстандағы қазақтарға ән мен күйден шашу шашады.

Сондай ақ, Астана, Алматы студияларына жиналған зиялы қауым өкілдері, тарихшы-этнограф, әнші-күйшілер көрермен қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

Бағдарлама наурыздың 22-сі күні сағат 11.00-16.00 аралығында тікелей эфирде көрсетіледі. Жіберіп алмаңыздар!

Корпорацияның ресми сайты www.kaztrk.kz. Әлеуметтік желілердегі парақшалары: facebook.com/Kaztrk.kz, twitter.com/kaztrk_kz, youtube.com/user/NTKKazakhstan