Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

НАТО мен Украина жетекшілері кездескен сәт. Брюссель, 27 ақпан 2014 жыл. Көрнекі сурет НАТО елдерінің сыртқы істер министрлері Украинаның қорғаныс әлеуетін күшейту үшін қор құруға ниетті екендерін мәлімдеді. Министрлер Брюссельде 24-25 маусым күндері кездесіп жатыр.

НАТО-ның штаб-пәтеріндегі ақпарат көзінің Азаттыққа хабарлауынша, бұл қор Украинаның қорғаныс саласындағы логистика, командалық және жалпы басқару және кибернетикалық қорғану жобаларына жәрдем бермек. Қару-жарақ пен атқыш кешендерді беру мәселесі қарастырылмаған.

Әзірше қордың нақты қашан құрылатыны, оған қанша қаржы салынатыны хабарланған жоқ.

http://www.azattyq.org/content/news/25433716.html

Рубрика: