Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Ресейді Украинадан әскерін алып кетіп, бұл елдің ішкі ісіне араласудан бас тартуға шақырды. Андерс Фог Расмуссен бұл туралы кеше Брюссельде НАТО-ға мүше 28 елдің елшілері қатысқан төтенше жиында мәлімдеді.

Сегіз сағатқа созылған кездесуде альянс екі жақты «мәселені тез арада диалог арқылы, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі немесе ЕҚЫҰ бастамасымен халықаралық бақылаушылардың қатысуы арқылы шешуге» шақырды.

Кеше жиыннан бұрын Расмуссен Ресейдің Украинаның Қырым автономиялық республикасына әскерін жіберуі «Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіреді, Мәскеу әскери әрекеттерін дереу тоқтатуы тиіс» деген.

1 наурыз күні Ресейдің Федерация кеңесі бірауыздан Ресей қарулы күштерін Украина территориясында пайдалану туралы Путин ұсынысын қолдады. Ресей президенті Владимир Путин Федерация кеңесінен «жағдай тұрақтанғанша Украина территориясында әскер пайдалануға» рұқсат сұраған еді. Ресей парламентінің жоғарғы палатасы — Федерация кеңесі спикері Валентина Матвиенконың айтуынша, қаулы қабылданған мезеттен бастап күшіне енген.

 

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140303/330/330.html?id=25282907

Рубрика: