Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Н.Назарбаев: Біз Ұлттық қордың ақшасын Бүгін «Нұрлы жол — жаңа экономикалық саясат» атты жаңа Жолдауды жариялаған Президент Н.Назарбаев Ұлттық қордың ақшасы қалай жұмсалып жатқаны жайында айтып берді. 

Президенттің айтуынша, әлемдік экономиканың жағдайы тыныш, яғни мұнайдың бағасы жоғары деңгейде тұрған кезде Қазақстан одан түскен ақшаны Ұлттық қорға жіберіп отырды. «Сол кезде ол қаржыны таратып берейік дейтіндер де болды. Бірақ мен оның қиын кезде қажет болатынын айтқанмын. Осы уақытқа дейін біз барлық ақшаны сол қорға жинадық. Соның 10 миллиард доллары 2007 жылғы дағдарыс кезінде жұмсалған болатын. Қалған ақшаны біз «жеп қойған» да жоқпыз, жұмсаған да жоқпыз. Біз оны көбейте түстік. Қазір ол ақшаны дағдарысқа қарсы қорған ретінде халық игілігіне жұмсайтын уақыт келді. Атап айтқанда, көліктік, энергетикалық, индустриалдық және әлеуметтік инфрақұрылымды, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту қажет», – дейді Н.Назарбаев. 

Ағымдағы жылдың басында ел экономикасына Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Оның 500 миллиард теңгесі бөлінді. Бүгін Президент келесі жылы сол ақшаның екінші траншы — тағы 500 миллиард теңгені беруді тапсырды. «Біріншіден, ірі, шағын және орта бизнесті несиелендіруге қосымша 100 миллиард теңге бөлу керек. Осының арқасында тамақ, химия, машина жасау мен қызмет көрсету саласындағы көптеген жобаларды іске асыруға мүмкіндік бар. Екіншіден, банктерге қайтарылмай жатқан несиелерді сатып алуды тапсырамын. Ол үшін проблемалы несиелер қорына қосымша 250 миллиард теңге беріледі. Үшіншіден, жаңа инвестицияларды көптеп тарту қажет. Осыған орай, «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақтың, Атырау мен Тараздағы мұнай-химия технопарктерін инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ құрғақ порттың құрылысына 81 миллиард теңге бөлуді тапсырамын», — деп атап көрсетті Президент.

Бұдан бөлек, Астанадағы ЭКСПО-2017 кешенінің құрылысына — қосымша 40 миллиард теңге, ал Астана Халықаралық әуежайды кеңейту жұмыстарына 29 миллиард теңге жұмсалмақ.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/politic/nnazarbaev-bz-ulttyik-kordyin-akshasyin-jep-koygan-jokpyiz-57282/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Рубрика: