Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

bd499b1b2e4329632f12a4d2d2767e6b«Мюнхенде Қазақстан Республикасы Консулдығының салтанатты ашылуы өтті. 

Шараға жергілікті үкіметтің өкілдері, жетекші неміс қоғамдық-саяси және іскерлік топтары, олардың ішінде Бундестаг пен Баварияның Ландтаг депутаттары, ГФР СІМ, мемлекеттік органдар, ғылыми-зерттеу орталықтар қызметкерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ журналистер қатысты», —  деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.  Қазақстанның Германиядағы елшісі Нұрлан Онжанов  «Консулдықтың  Бавария астанасында ашылуы қазақ-герман ынтымақтастығы тарихындағы ең маңызды оқиғаларының бірі, ал оның қызметі екіжақты ынтымақтастықтың толық кешенінің дамуы мен күшеюіне ықпалдасатын болады» деп атап көрсетті.

Жергілікті Үкімет атынан Баварияның Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрінің орынбасары Мартин Ноймайер сөз сөйлеп, Қазақстанның Мюнхендегі Консулдығының ашылуын шын жүректен қолдады. Бұл қадам Баварияның Қазақстанмен кең ауқымды кооперациясының, әсіресе экономика саласындағы дамуына күмәнсіз өзінің елеулі үлесін қосатын болады. Неміс ресми тұлғалары Қазақстанның кәсіби консулдық мекемесінің ашылуын Қазақстан мен Бавария арасындағы өңірлераралық ынтымақтастыққа үлкен серпін беретінін, екіжақты ынтымақтастықтың зор әлеуеті бар екендігін атап өтіп, Бавария мен Қазақстан арасындағы бір қатар табысты жобалар мен жарқын мысалдарды келтірді.

Қазақ-герман қатынастарының одан арғы тереңдеуі мен кеңеюі аясында, сондай-ақ елдің федералдық құрылымы салдарынан, Германия өңірлерімен ынтымақтастықты дамытуға ерекшелі мән беріледі. Мюнхендегі қазақстандық консулдық мекеме Қазақстанның Бавариядағы мүдделеріне бұдан да жоғары деңгейде өкілдік етіп, ынтымақтастықтың ғылыми, инновациялық, өнеркәсіптік және экономикалық әлеуетін толық көлемде іске асыратын болады. Германия мен Қазақстан арасындағы сауда айналымының тең жартысы Баварияның еншісіне жатады. Бавар компанияларының Қазақстанмен ынтымақтасу туралы мақсаттары жергілікті үкіметтің белсенді қолдауына иеленіп отыр. Бавар тарапының екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен кеңейтуге ұйтқы болу жөніндегі нақты ниеттері бұған куә болып отыр.

 

http://www.aikyn.kz

 

Рубрика: