Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әңгімемізге арқау болып отырған таңғажайып үйдің басты ерекшелігі — оған белгілі бір бұрыштан қарайтын болсаңыз үйдің бір тегіс қабырғадан тұратындығын байқайсыз. Көпшілік аталған сәулет өнерінің қайталанбас туындысын — «Бір қабырғалы үй» немесе «Мыстанның үйі» деп атайды екен.

Күлкілі ғимарат Одессадағы Приморский желекжолында орналасқан. Бір қарағанда үйдің айналасындағы ғимараттардан ешбір айырмашылығы жоқ болып көрінгенімен, атына заты сай келеді. Бойында мистикалық бірнәрсе бар секілді.

Балкондардағы гүлдер мен терезедегі перделерді, кондиционерлерді көріп «адамдар мұнда қалай өмір сүреді?» деген заңды сұрақ туындайды.

Асылында, ешқандай құпия да, мистика да жоқ. Бар сыр — үйдің пішіні үшбұрышты болып келетіндігінде жатыр. Тағы да бір рет анықтап қараңызшы.

Тарих беттерін парақтар болсақ, осы үйдің құрылыс жұмыстары жүріп жатқанда қаржы мәселесі туындап, үйді үш қабырғалы етіп аяқтауға тура келген. Сәулетшінің тапқырлығы — бірнеше ғасырдан кейін көпшіліктің алыстан іздеп келіп көретін көрікті жеріне айнала шықты.

Шіркін, ішіне кіріп көрер ме едік? Ондағы жиһаздар да үшбұрышты болар ә!?

Суреттер:byaki.net

Дайындаған:Айгерім Сматуллаева

 

http://massaget.kz

Рубрика: