Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

image97567Мұрат Оспанов миллиардттан астам айыппұлды төлейтін ақша тапты.
Мұрат Оспанов миллиардтаған айыппұлын өтейтін ақша тапты
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысы үкімге қарсы апелляция жазудан бас тартты. Соған байланысты Астана сотының үкімі заңды түрде күшіне енді.

Екі апта бұрын Мұрат Оспановтың ірі көлемде пара алғаны дәлелденіп, сотталған болатын.

Алайда, жазасын жаңа Қылмыстық кодекске сай 1 миллиард 101 миллион теңге айыппұл ретінде өтейтін боп сот залынан босатылған-ды. Заң бойынша экс-шенеуніктің қайта шағымдануына құқығы болған.

Бірақ, Оспановтың соттан беті қайтып қалса керек, істі созбай үкіммен келісіп отыр. Енді ол бір айдың ішінде қомақты айыппұлды түгел төлеуі тиіс.

Оспанов “электр энергиясының құнын көтеру үшін “Атырау жарық” компаниясынан 300 мың доллар пара алды” деген күдікпен ұсталған болатын.

Экс-шенеунік болса, қыруар қаржыны қызының ұзату тойы үшін кәсіпкер досымнан алдым деп сол күйі кінәсін мойындамай кетті. Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызмет атқара алмайды және бүкіл мүлкі тәркіленеді.

Источник: КТК арнасы

Рубрика: