Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_0f12c6a0d4dbb38995d2d1fdd2d06648Астана 4 қыркүйек.Baq.kz — Ranking.kz сайты елімізде банк бөлімшелері ең көп орналасқан 50 қаланың тізімін жариялады. Алғашқы үштікке Атырау мен Ақтау және Ақсай қаласы енді. 

Еліміздің ең ірі қаржы орталығы болып келетн Алматы қаласы 11 орынға жайғасты. Оңтүстік астанада 3,6 мың адамға бір банк бөлімшесінен келеді екен. Ал елорда бұл тізім бойынша 25 орында. Мұнда 4,4 мың адамға бір банк бөлімшесінен тиді. Жалпы республика бойынша орташа есеппен 7,1 мың адамға бір банк бөлімшесі қызмет көрсетуде.
Standard & Poor’s-тің хабарлауынша, Қазақстанда 40-қа жуық екінші деңгейлі қаржы орталықтары жұмыс істейді екен. Сондай-ақ олардың ішіндегі көптеген шағын және орташа банктердің активтері жоғары сапалы болып келеді. Бұл өз кезегінде оларға жаңадан несиелендіруге жағдай жасап, ірі қаржы орталықтары сияқты уақытылы төленбеген несиеге бас қатырып, әуре түсуіне жол бермейді.

Мөлдір Асқар

Рубрика: