Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерекесін өткізу шеңберінде мемлекеттік сыйлықтар әзірлеуіміз керек. Бұл ретте қазақ халқының батыр ұлдары мен қыздары — Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова т.б. құрметіне ордендер мен медальдар тағайындағанымыз жөн», — деді Мәжілістің пленарлық отырысында Қазақстанның Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдаған генерал Бақытжан Ертаев.

Оның айтуынша, сарбаздардан генералдарға дейін барлық әскерилердің моралдық рухын күшейту үшін тәрбиелік және патриоттық жұмыстарды жетілдіретін қосымша шаралар атқару қажет.

«Құрметті Серік Нығметұлы, мүдделі мемлекеттік органдарға осы мәселені пысықтауды тапсыруыңызды сұраймын», — деп қорытындылады сөзін депутат.

 

http://baq.kz/kk/history/458

Рубрика: