АЛТЫНОРДА
Новости

Минскідегі парадқа Ресей әскері қатысты

Минскідегі парадта жүрген ресейлік әскерилер мен әскери техника. 3 шілде 2014 жыл.3 шілде күні Минск орталығында Беларусьтің неміс фашистері басқыншылығынан азат етілуінің 70 жылдығы мен Тәуелсіздік күніне орай әскери парад өтті.

Парадқа үш мыңнан астам әскери қызметкер мен 200-ге таяу әскери техника қатысты. Олардың арасында ресейлік әскерилер мен әскери техникалар да болды. Ресей әскерінің Минскідегі парадқа қатысуы беларусь оппозициясының наразылығын тудырды.

2 шілде күні Ресей президенті Владимир Путин Минскіге барған. Минскіде ол Беларусь президенті Александр Лукашенкомен бірге Ұлы отан соғысының тарихына арналған мұражайды ашып, екі жақты келіссөздер өткізді.

http://www.azattyq.org/content/news/25444941.html