Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

скачанные файлы (3)Facebook әлеуметтік желісінде белгісіз адам Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің атынан жалған парақша ашқан. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлеуметтік желіде аккаунт «Денсаулық сақтау министрлігі» деген атаумен ашылған. «Facebook әлеуметтік желісінде ашылған «Денсаулық сақтау министрлігі» аккаунты жалған. Онда жарияланған кез келген жазба ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми мәліметі болып табылмайды» делінген хабарламада.
Бұған дейін Facebook желісінде вице-министрдің атынан жалған аккаунт ашылғаны хабарланған болатын. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бірінші вице-министрі Салидат Қайырбекованың ешбір әлеуметтік желіде тіркелмегенін мәлімдеді.

Айдана НҰРМҰХАН

http://aikyn.kz/

Рубрика: